25
тамыз
2022
Алматы қаласы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі
Алматы қаласы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Отырыс барысында алдағы оқу жылында қала мектептерінде білім беру сапасын арттыру жолдары талқыланды. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінетіндігін – педагогтарды оқыту форматы түбегейлі қайта қаралып, оның аясында олар үшін халықаралық тағылымдаманы ұйымдастыру жоспарлануда екендігін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов атап өтті.
Биыл форум онлайн форматта 3 мыңға жуық педагог пен 20 мыңнан астам мұғалімді біріктірді. Форумның тақырыбы: «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм».
Алматы қаласы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне мектебіміздің ұстаздары қатысып, жаңа оқу жылына қажетті мағлұматтар алып қайтты.
