«Президенттік шыршадағы мақтанышымыз!»
Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн!
5 «Г» сынып оқушылары Орынбасар Алан мен Кусманова Эмилия Президенттік шыршаның құрметті қонақтары атанды 🎄🌟
Алан мен Эмилия Зерде республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жүлдегерлері болып, мектебімізді Республика деңгейінде лайықты танытып, жүлделі орын иеленді.
Бұл мереке оқушыларға ұмытылмас әсер, жаңа достар және еңбек пен табандылықтың арқасында армандардың орындалатынына деген сенім сыйлады.
Жас ғалымдарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да жеткен жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, ғылым мен шығармашылықта жаңа биіктерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.
Сендермен мақтанамыз! 🏆👏
Сегодня особенный день для нашей школы! Ученики 5 «Г» класса , Орынбасар Алан и Кусманова Эмилия стали почетными гостями Президентской елки! Алан и Эмилия стали призёрами Республиканского конкурса исследовательских работ «Зерде», достойно представив нашу школу на уровне Республики и заняв призовое место! Праздник подарил ребятам море ярких эмоций, новых друзей и веру в то, что мечты сбываются, если много трудиться. Поздравляем наших юных ученых! Желаем не останавливаться на достигнутом и покорять новые вершины в науке и творчестве. Гордимся вами! 🏆👏
