Соңғы қоңырау! » КГУ ШГ №78
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №78»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 251-45-19
Бухгалтерия
+7(727) 228-03-57
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2023

Соңғы қоңырау!

 Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата – аналар! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, ал жас түлектерді алтын ұя – мектебімен қоштасу сәттеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты күн.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандыратын күн.
Жас түлек, сендердің кешегі мектептегі еркеліктерің, балалық бал дәуреннің ұмытылмас кездері, сабаққа дайындалмаған сәттегі қоңыраудың сыңғыры қош айтысып артта қалып бара жатса, алда күдік пен қуанышқа толы өз беттеріңмен өмір сүруге деген үлкен жауапкершілікті жүктеп, қызығы мен қиындығы мол белестер күтіп тұр.