Түрксіб ауданының «Football Land» стадионында «БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс- шара » КГУ ШГ №78
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №78»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 251-45-19
Бухгалтерия
+7(727) 228-03-57
Версия для
слабовидящих
» » Түрксіб ауданының «Football Land» стадионында «БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс- шара
30
апрель
2024

Түрксіб ауданының «Football Land» стадионында «БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс- шара

2024 жылғы 30 апрельде 1 май « Қазақстан халықтарының бірлігі күні» аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданының «Football Land» стадионында «БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс- шара өтті.
Мерекелік іс-шара халық бірлігін нығайтып, татулығын дәріптеп, Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымағын сақтауды көздеді.
Іс-шараға Түрксіб ауданының 28 мектебінің оқушылары белсене қатысып, жастардың өз жеріне,Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетіне, әдет-ғұрпына, тіліне деген сый-құрмет білдірді.
Мерекелік іс-шараны № 83 гимназиясының «Шабыт» қазақ халық аспаптар оркестрі, қобызшылар мен домбырашылар ансамблі және фольклорлық ансамблі ашты.
"Көкек", «Балдаурен», «Ұлдар» хор ұжымдары кәсіби деңгейде «Атамекен», «Армысың туған жер» әндерін орындады.
Сонымен қатар "Аспан" хореографиялық ансамблі би көріністерін көрсетті .
Түрксіб ауданының 28 мектебінің оқушыларының қатысуымен «БІРТҰТАС ЕЛ» сөзі құралып, бір шаңырақ астындағы тату тұратын ұлт екеніміз дәлелдеді.

Қатысушылар: Түрксіб ауданы білім бөлімінің басшысы
ЖаннаКадылханқызы Жылкишина және мектеп басшылары мен оқушылары.